Журналдың редакциялық саясаты және бағыттылығы
«ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ» журналы жылына 4 рет шығады, отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары туралы ақпараттарды және ғылыми конференция материалдарын, ғылыми-әдістемелік мақалалар, жастардың ғылыми шығармашылығын, университет өмірі туралы ақпараттарды қамтиды.
«ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ» журналының редакциялық саясатының міндеттері:
- ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарылатуға, озық ғылым жетістіктерін енгізу үшін ғылыми әлеуетті анықтауға ықпал ету;
- ғалымдар мен жас зерттеушілерге өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялау мүмкіндігін беру;
- Педагогика және психология салалары бойынша ең өзекті перспективті және қызықты бағыттарға назар аудару;
- отандық және шетелдік ғалымдардың өзара іс-қимылдарын қамтамасыз ету және жарияланымдарға тарту, зерттеушілер арасында пікір алмасуларды жолға қою;
- барлық тараптардың (редакторлар, авторлар, рецензенттер) өзара қарым-қатынастары жарияланымдар әдебіне қойылатын талаптарды қадағалауға негізделеді;
- мақалаларда келтірілген нақты материалдарға авторлар жауап береді;
- жариялануға қабылданған қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.
Рецензиялау нәтижелері бойынша теріс баға алған және журналдың редакциялық алқасымен мақұлданбаған материалдар жарияланбайды және авторларға қайтарылмайды. Редакция қабылданбаған материалдарды сақтамайды.